Өскемен
Бұлтты
-19°
  • Өскемен
    -19°
  • Семей
    -17°
  • Алматы
    -13°
  • Риддер
    -23°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
    -1°
  • Қарағанды
    -16°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -6°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -9°
  • Түркістан
    -4°
  • Орал
    -5°
  • Шымкент
    -11°
$
491.59
-2.26
572.16
+0.38
¥
71.52
-0.01
6.24
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлан ауданының екі тұрғынына иіс тиіп, ауруханаға түсті

Уақтылы тазартылмаған мұржа бітеліп, үй ішіне көміртегі тотығы тараған

Усть-Каменогорск и ВКО / Касыма Кайсенова (Уланский р-он) / Ұлан ауданының екі тұрғынына иіс тиіп, ауруханаға түсті
Фото:
depositphotos.com

Салдарынан екі адамның өміріне қауіп төнді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 сәуірде Ұлан ауданындағы Ақтау ауылының екі тұрғынына иіс тиіп ауруханаға жеткізілді. Уақытында тазартылмаған мұржа салдарынан үй ішіне көміртегі тотығы бөлініп, 1984 жылы туған үй иесі мен 1980 жылы туған ағасына иіс тиген, - делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД қызметкерлері жер үй иелеріне қауіпсіздік ережелерін сақтауды тұрақты еске салатынына қарамастан, бұған немқұрайлы қарайтындар көп.

Қарапайым қауіпсіздік ережелері:

  • Пешті 3 айда кемінде 1 рет тазалау қажет
  • Жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз
  • Пеш жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды
  • Пештің желдету жүйесін тексеріңіз
  • Жатар алдында пеш жағуды тоқтату керек

Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112" нөмірі бойынша хабарласу қажет.


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Көміртегі тотығымен улану