Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты

Отанды сатқан опаздығы мен мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғаны үшін Кәрім Мәсімовке сот 18 жыл берді

Новости Казахстана / Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты
Фото:
astana.sud.kz

Бұл туралы ақпаратты Астана сотының баспасөз қызметі жариялады.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты.

Сот істі "Аса құпия" деген белгімен қарады.

Кәрім Мәсімов ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ете алмайды және мүлкі тәркіленеді, - делінген хабарламада.

Одан бөлек ҰҚК төрағасының экс-орынбасарлары: Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Өсіпов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

К. Мәсімов, А. Садықұлов, Д. Ерғожин және М. Осипов генерал атақтарынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды, - делінген хабарламада.

Мемлекет кірісіне 10 млрд теңгеден астам және 24 млн АҚШ доллары өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →