Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлан ауданында шошқа фермасы салына ма?

Аудан әкімі жергілікті халықтың фермаға қарсы емес екенін айтса, тұрғындар «қарсымыз» деп отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / пос. Касыма Кайсенова (Уланский р-он) / Ұлан ауданында шошқа фермасы салына ма?

Кімдікі рас, ал кімдікі өтірік – жұмбақ. Шошқа фермасының салынып-салынбауы да белгісіз мәселе болып тұр.

Ұлан ауданының тұрғындары шошқа фермасының салынуына қарсы. Жуықта облыс орталығында өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі "Борсақ ауылының халқы ферманың салынуына қарсы емес" деп мәлімдеме жасады.

Ферма негізінен Айыртау ауылының маңына салынады деп жоспарланған. Бірақ жергілікті халық наразы болып, жоспар іске аспаған соң, жобаны Борсақ ауылында жүзеге асырмақ болады. Мұндағы халық та қарсы шықты.

Ауылымыздың бас жағынан шошқа фермасын салмақшы. Біз оған қарсымыз. Салғызбаймыз. Малмен жан бағып отырмыз. Талпақ танау керек жоқ. Қазақ ауылына бұндай ферма салу сұмдық қой. Оншақты үй болсақ та, айналаға балалар ойнайды, одан да бізге мал әкелсін, құс әкелсін. Шошқаны ауылымызға ешқашан кіргізбейміз, – дейді Борсақ ауылының тұрғыны Зағила Нартпаева.

Ферма салынатын болса, халық темір жолды жаппақ

Шошқа фермасының салынуына қарсылық танытып, Айыртау, Ұлан, Жанұзақ және Борсақ аулының тұрғындары қол жинаған. Тіпті, Президентке дейін баратындықтарын жеткізді.

Егер ауылымызға шошқа фермасын салатын болса, біз темір жолды жабамыз. Ескерткен деген осы. Үнімізге аудан әкімі құлақ аспаса, Президентке барамыз. Қазір ферманың салынуына қарсылық білдірген 200-ден астам адамның қолы қойылған қағазымыз бар. Әкім неге өтірік айтады? Сыртымыздан неге тон пішеді? Біз бастан-аяқ қарсы болдық. Осы ауылда 30-ға жуық адам бар, соның 20-сы қарсы. Әкім де бірнеше рет келген. Қарсылығымызды көрді, – дейді Зағила Ахметкалиқызы.

Тұрғындардың айтуынша, әкімдік тек Борсақ ауылында тұратын тұрақты тіркеудегі халықтың ғана пікірін тіңдайтынын айтқан. Ал мұнда қалада уақытша тіркеуге отырған, бірақ қора-жайы осы ауылда орналасқан тұрғындар да бар.

Осы ауылдың тұрғынымын. Шошқа ұстағысы келген бір-екі адамның кесірінен барлығымыз неге қиналуымыз керек? Бізге ондай ферманың керегі жоқ. Талпақ танаудың басқан жеріне жылқы жайылмайды. Ол ертең экологиямызға үлкен зиян келтіреді. Ауызсуымыз ластанады. Сасық исі қолқаңды қабады. Оны қойып, Өскеменнің іргесіндегі шағын доңыз фермасының исіне төңірегіндегілер шыдай алмай отыр, – дейді ауыл тұрғыны Ләззат Тұрысбекқызы.

Тұрғындардың бірі шошқа етінің харам екені дінімізде ашық жазылғанын айтады.

Шошқаның харам екені дінімізде дәлелденген. Сондықтан оны төр түлікке жатқызбаймыз. Оның пайдасынан зияны көп. Өте арам келеді. Ертең ауру тарамасына кім кепіл? Әкім халықтың емес, инвесторлардың сөзін сөйлеп тұр. Біз қарсы болдық, сыртымыздан "Борсақ ауылының тұрғындары қарсы емес" деп ақпарат тарататын әкімнің бізге керегі жоқ. Бізге халықпен бірге болатын басшы керек, – дейді ауыл тұрғыны Сайланбек Бұтабаев.

Жобаның жалпы құны 117 млрд теңгені құрайды

Аудан әкімінің сөзінше, жобаның жалпы құны 117 млрд теңгені құрайды. Екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Инвестр "Eco Meat Vostok Ltd" компаниясы.

Шошқа фермасы салына ма, салынбай ма, нақты айта алмаймын. Оған Экология және Санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаменті өз келісімін беруі керек. Бұл өте үлкен жоба. Құны 117 млрд теңгені құрайды. Екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Қазір қоғамдық тыңдау өтті. Нәтижесі оңды болды. Мен ол жерде қатысқан жоқпын, жоба жетекшілері өздері барды. Қаржыны инвестор құйып отыр. Мемлекеттен қаражат бөлінген жоқ, – дейді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.

Қоғамдық тыңдауға әкім "бармадым" деп айтқанымен, облыс орталығында өткен баспасөз конференциясында "Борсақ ауылының тұрғындары ферманың салынуына қарсы емес, мен олармен кездесіп, сөйлестім" деп ашық айтты.

Шошқа фермасының салынуына Борсақ ауылының тұрғындары қарсылық білдіріп отырған жоқ. Тек, Ұлан ауданында қарсылық танытқандар болды. Қоғамдық тыңдау өтіп, тұрғындар жиналып, наразылықтарын айтқан болатын. Мен олармен кездесіп, сөйлестім. Олардың көбі Ұлан ауданында тұрмайды. Яғни, жан-жақтан келген кісілер, – деген болатын әкім сол кезде.

Ферма салынса, аудан бюджетіне екі есе салық түседі

Аудан әкімінің мәліметінше, Борсақ ауылында 1990 жылдары 120 үй болған, қазір 12 үй, 29 адам тұрады.

Қазір жобаның инвесторлары барлық құжаттарын, жобалық-сметалық құжаттамасын жасап жатыр. Бұл жобаға экономикалық жағынан да қарау керек деп ойлаймын. Біздің ауданның қазір кіріс бөлігі 2,5 млдр теңгені құрайды. Орташа есеппен осы жоба іске асса, аудандық бюджетке салық ретінде 2 есе кіріс түседі. Бұны тұрғындарға әлі де түсіндіруге тырысып жатырмыз. Егер ауданның бюджеті 7-8 млрд болса, аудандағы барлық мәселелерін шешуге мүмкіндік көп болушы еді, – деді Ренат Тілеуханұлы.

Айта кетейік, Борсақ ауылына шошқа ферма салу үшін әкімдік сол ауылдағы шаруа қожалықтарының жерін күшпен тартып алған сыңайлы. Осы жолғы сапарымызда аталған шаруашылық иесімен сөйлесіп едік, сұхбат беруден бас тартты. Бірақ жерін әлі қайтарып ала алмапты. Кәсіпкер осы жылдың тамыз айында берген сұхбатында жерін шарасыз бергендігін айтқан.

Әкім маған "жерді берсең де, бермесең де саламыз" деді. Сөйтіп сол жерде аудандық жер бөлімімен картадан қарап жерімді алып алды, – дейді қожалық жетекшісі Мырзахан Сүлейменов.

Осылайша, ұландықтар шошқа фермасының салынуына түбегейлі қарсы екендіктерін айтты. Жергілікті билік халық үніне құлақ аспаса, Президенттен көмек сұрайтындарын ашып айтты. Бірақ әкімдік жобаның іске асуы, аспауы әлі белгісіз екендігін айтуда.

Следующая →