Риддерліктер биылғы қыста да қалтырап шыға ма?
Риддер қаласындағы жылу электр орталығының құрал-жабдықтары 90-ға тозған
Риддерліктер үйдің жылымайтынын, жылдағы жағдайды айтудан да шаршаған айтады, деп хабарлайды Устинка LIVE 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Риддерліктер жылдағыдай биыл да қысқа барынша қамдануға кіріскен. Роман Палийчук үйіндегі батареялардың барлығын ауыстырып шығыпты. Қосымша электр бойлерін де алып қойған. Өйткені тозығы жетіп тұрған қаладағы жылу қазандығының қуаты шамалы екенін біледі.
Балаларды жуындыру үшін алдымен су ысытып аламыз.Өйткені құбырдан тек суық су ағып тұр. Екі айда бір рет қана ыстық су беріледі,болмаса ол да жоқ, - дейді тұрғын Роман Палийчук.
Ал коммуналдық қызмет өкілдері бұл мәселеге жылу электр орталығының қатысы жоқ деп отыр. Бірақ орталықтағы жағдайдың ушығып тұрғаны жасырын емес. Бұл кәсіпорынды қысқы маусымға дайындау үшін қаладағы бюджеттік мекемелерден алдын ала аванс ретінде 90 миллион теңге жылу ақысы алынды. Бірақ мәселе түбегейлі шешім таппаған. Тозып кеткен желілер қысымды көтермейді. Сондықтан ендігі бар үміт жаңадан қосылатын 4 шақырымдық жылу желісінде ғана.
Ықшам аудандарға баратын жылу желісінің тармақтары қатты қысымды көтере алмайды. Ескіріп кеткен. Енді 3 тармақ қосылады, жылу электр орталығының қуаты жетеді, - дейді Риддер қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Көккөзов.
Айта кету керек, осы 4 шақырымдық жаңа жылу желісіне бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінеді. Желі жаңа мектепке, сонымен қатар 6 мыңға жуық тұрғын қоныстануы тиіс ықшам ауданға жылу тарататын болады.