Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қасым Қайсенов кентінің тұрғындары неге ыстық сусыз отыр?

Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде ыстық су өшіп қалғанына бір апта болған

Усть-Каменогорск и ВКО / пос. Касыма Кайсенова (Уланский р-он) / Қасым Қайсенов кентінің тұрғындары неге ыстық сусыз отыр?
Фото:
Ұлан ауданы әкімдігінен

Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев екі-үш күнде ыстық су қайта берілетінін айтып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

19 қыркүйек күні Қасым Қайсенов кентінде ыстық су өшірілген болатын. Жергілікті тұрғындар ыстық су қысы-жазы жиі тоқтап қалатынына шағымданады.

Қыста бір айға жуық ыстық су болмаған еді. Биыл жаз ортасында тағы да бір ай өшіріп тастады. Коммуналдық мекемеге тұрғындардың қарызы көп болғандықтан деп түсіндіреді әкімдіктегілер. Бірақ біреудің қарызы үшін неге басқа халық қолайсыздыққа көнуі керек? - дейді кент тұрғыны Мадияр Сағымбаев.

Ал бүгін облыс орталығында өткен брифинг барысында аудан әкімі Ренат Құрмамбаев қысқа дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта тұрғын үйлердің бірінің су құбыры жарылып, жұмыстар ұзаққа созылып кеткенін айтты.

Кентте су құбырлары тозып тұр. 1976 жылы салынған, - дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев. - Осыған байланысты қазіргі уақытта құбырларды айырбастау бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Жыл басынан бері «Семстройпроект» компаниясымен келісімшарт жасалды. Қаңтар айында ЖСҚ-ны мемлекеттік сараптамасымен толық дайындап береді деп келістік. Кентте 19 қыркүйектен бері ыстық су жоқ. Қысқа дайындық жұмыстарын жүргізген кезде 19-шы үйдің жанындағы құбыр жарылды. Сол себепті ыстық суды тоқтаттық. Тұрғындарға 19-29 қыркүйек аралығында ыстық су болмайтындығын ескерттік. «Восток котлы» мекемесі қазір құбырларды ауыстырып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жанындағы мектептің құбырларын да ауыстыру жоспарда бар. Бүгін-ертең ыстық су беріледі. Жалпы күн суытатын жағдайда кенттегі әлеуметтік нысандарға жылу беріп үлгереміз.

Жергілікті тұрғындардың кентті сумен қамтып отырған «Айтас энергоға» берешегі көп болғандықтан жазда бір айға ыстық су өшірілгенін де алға тартты аудан әкімі.

Соның нәтижесінде көмір үнемдедік, жарық үнемделді, берешекті азайттық. Қазіргі таңда «Молодежное» коммуналдық шаруашылығының «Айтас энерго» алдында берешегі жоқ. Қаңтар айында берешегі 25 млн теңге болатын. Ал былтырғы жылы осы уақытпен салыстырғанда 19 млн теңге қарыз еді, - деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, кент тұрғындарының сөзіне сүйенсек, соңғы кезде жарық та жиі сөніп қалатын болған. Оның үстіне алдын ала ескерту жасалмайды екен.

Жуық арада кентте апат орын алды, сол себепті жарық та өшірілді. Кеше тағы бірнеше үйлерде жарық өшіруге тура келді. Одан өзге, қысқа дайындық барысында сымдарды ауыстыру, трансформаторларды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол уақта жарықты сөндіруге тура келеді. Қыста жарық та, ыстық су да еш үзіліссіз беріліп тұруы үшін қазір күзге дейін осы жұмыстар толық жүргізілуі керек, - деді Ренат Құрмамбаев.

Осы орайда айта кетейік, кентте тағы 40 пәтерлік екі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ол қараша айында пайдалануға беріледі. Сол үшін де аудан әкімдігі кенттегі қазандықтың мүмкіндіктерін есептеуі қажет. Бұл туралы құрылысты тексеруге барған облыс әкімі Даниал Ахметов те ескерткен.

Қазір құрылысшылар әрлеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Аулаларда балалар кешендері, тұрақ орындары орнатылады. Кентте 320 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде, - деді облыс әкімі. - Желтоқсан айында нысанды тапсыру жоспары бар. Өкінішке қарай, құрылысшылар жұмысты созуда, сондықтан мен құрылыс басқармасына және аудан әкіміне осы маңызды нысанды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырдым. Нысанды тапсыру мерзімін бұзбау үшін қосымша мамандарды тарту қажет. Сондай-ақ, қазірдің өзінде аудан әкімдігі үйлер мен басқа да нысандардың құрылысын ескере отырып, кенттік қазандықтың мүмкіндіктерін есептеуі тиіс.



Следующая →