Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде жоғалған 8 жастағы бала қоймада түнеген

Кеше кешке “102” жедел арнасына Өскемен қаласының тұрғыны қоңырау шалып, өзінің 8 жастағы немересін іздеп жүргенін айтып, көмек сұраған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жоғалған 8 жастағы бала қоймада түнеген
Фото:
Polisia.kz сайтынан

Әжесінің айтуынша, оның 2014 жылы туған немересі аулаға шығып, үйіне оралмаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тәртіп сақшылары отбасының таныстары, куәгерлермен сөйлесіп, іргелес жатқан аумақтарды: гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият аралап шықты.

Меновное кентінің аумағын тексеру бойынша жұмыстар жүргізілді. Іздеу жұмыстары жаяу да, қызметтік автомашиналарды пайдалану арқылы да жүзеге асырылды. Саяжай алқаптарына іргелес жатқан көпқабатты үйлердің шатырлары мен жертөлелері тексерілді.

Жоғалған баланы іздеуге ПБ жеке құрамының 120-дан астам адамы қатысты. Сондай-ақ, іздеуге көршілер мен еріктілер қосылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған баланы Өскемен қаласы ПБ қызметкерлері Арман Мамаев мен Тілек Айтмұхаш және Еркежан Жакупова тапты. Табылған бала аулада ойнауға шығып, кешке дейін ойнағанын айтты. Үйдің үлкендері ұрсады деп ойлап, үй жанындағы қоймада түнеуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Үйіне аман-есен жеткізілді, – деді Өскемен қалалық Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.


Следующая →