ясно
°
$
503.35
-2.36
590.63
-0.80
¥
72.28
-0.23
6.62
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да боранды күні малшылар жоғалып кетті

Кеше кешке Ұлан ауданының Бозанбай ауылынан бір шаруа қожалығының екі жұмысшысы қой жаюға шығып, қайтпай қалған

Усть-Каменогорск и ВКО / Касыма Кайсенова (Уланский р-он) / ШҚО-да боранды күні малшылар жоғалып кетті
Фото:
ШҚО ТЖД видеосынан алынды

Қатты боран соғып, айнала көрінбей қалғандықтан малшылар бағыттарынан адасқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бірнеше сағаттан кейін шопандардың бірі өздігінен оралды. Екінші ер адамды іздеу жұмыстары жедел түрде ұйымдастырылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын техника, қар шаналарымен, кинологиялық иттермен шықты. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, салт атты шаруа қожалығының өкілдері көмектесті.

Бүгін 1971 жылы туған шопан Қызылсу учаскесінен, шаруа қожалығының маңынан табылды. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жеткізді. Ер адамға медициналық көмек қажет болмады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Ұлан ауданы ШҚО ТЖД Қойшылар жоғалды