Өскемен
Бұлтты
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Семей
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Риддер
    -10°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -2°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
  • Қостанай
    -6°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
  • Тараз
    -6°
  • Түркістан
  • Орал
    -1°
  • Шымкент
    -4°
$
491.68
+2.29
568.23
+0.24
¥
71.57
+0.29
6.2
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚТУ мен Англияның Археология институты бірлесіп ғылыми зерттеу жүргізеді

Екі елдің мамандары Шығыс Қазақстан аумағында да қазба жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚТУ мен Англияның Археология институты бірлесіп ғылыми зерттеу жүргізеді
Фото:
ШҚТУ баспасөз қызметінен

Лондонда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен University College London Археология институты арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

University College London (UCL) — әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі, халықаралық рейтингтерде тұрақты түрде жоғары орын алатын, пәнаралық және іргелі зерттеулер саласындағы беделді ғылыми орталық. Құжатқа ШҚТУ атынан ректор Сауле Рахметуллина, ал UCL Археология институты атынан директор Кевин Макдональд қол қойды.

Аталған Меморандум археометаллургия және Еуразияның қола дәуірін зерттеу саласында ұзақ мерзімді ғылыми ынтымақтастықтың институционалдық негізін қалайды, - деп мәлімдеді ШҚТУ-дың баспасөз қызметі. - Әріптестік екі ірі ғылыми жоба аясында жүзеге асырылады: European Research Council қолдауымен UCL базасында Милляна Радивоевичтің жетекшілігімен орындалып жатқан халықаралық DREAM жобасы және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен ШҚТУ-да Евгений Водясовтың жетекшілігімен іске асырылып жатқан «Шығыс Қазақстанның қалайы кен орындары ежелгі еуразиялық металлургия жүйесінде» атты қазақстандық жоба. Бұл жобаларды Еуразия даласының қола дәуіріндегі металлургиялық технологиялардың дамуы, трансөңірлік сауда желілерінің қалыптасуы және технологиялық инновациялардың таралуындағы рөлін кешенді түрде зерттеу мақсаты біріктіреді. UCL-дың заманауи зертханалық-инструменттік базасын пайдалану және Шығыс Қазақстанның бірегей археологиялық деректерімен ұштастыру алынатын ғылыми нәтижелердің халықаралық деңгейдегі маңыздылығы мен сапасын қамтамасыз етеді.

Меморандум аясында бірлескен далалық және зертханалық зерттеулер жүргізу, жоғары импакт-факторлы халықаралық ғылыми журналдарда бірлескен жарияланымдар дайындау, академиялық тәжірибе алмасу және ғылыми іс-шаралар ұйымдастыру көзделген. Ынтымақтастықта әлемдік археологияда қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі — археометаллургияны дамытуға ерекше мән беріледі.

UCL сияқты әлемдік деңгейдегі университетпен әріптестік орнату ШҚТУ-дағы ғылыми зерттеулердің жоғары халықаралық деңгейін айқын көрсетіп, қазақстандық ғылымның жаһандық ғылыми кеңістікке табысты интеграцияланып отырғанын дәлелдейді. Бұл келісім Қазақстан ғылымының халықаралық беделін нығайтуға және отандық зерттеушілердің ірі халықаралық ғылыми консорциумдарға қатысу аясын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚТУ University College London Меморандум