ШҚО-да ауыл тұрғыны мен полицей жаралы аққуды құтқарды
Жаралы аққуды байқаған Айыртау ауылының тұрғыны дереу учаскелік инспекторға хабарлаған

Ал полиция қызметкері аққуды ветеринариялық клиникаға жеткізген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі
Кеше Айыртау ауылының тұрғыны Ұлан ауданының учаскелік инспекторы Бақытжан Өтеулинге Сартымбет учаскесінің маңында жаралы аққудың табылғаны туралы хабарлаған. Құстың тағдырына бейжай қарамаған полиция қызметкерлері хабарламаны алып, жедел әрекет етті. Учаскелік инспектор Айыртау ауылдық округі әкімдігінің маманымен бірге оқиға орнына барды. Құсты аман алып қалу және оның жағдайын бағалау мақсатында аққу мұқият түрде ветеринариялық клиникаға жеткізіліп, мамандар тексеріс жүргізіп, жарақаттарының бар-жоғын анықтады, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ауыл тұрғынының бейжай өтіп кетпегенінің арқасында аққуға дер кезінде көмек көрсетіліп, аман қалды.