Ұлан ауданында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Таврия ауылында ашылған залда дене шынықтырып қана қоймай, бокс, күрес және ауыр атлетика бойынша жарыстар өткізуге ыңғайлы

Обыс әкімінің айтуынша биыл өңір бойынша мұндай 3 кешен пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл дене шынықтыру-сауықтыру кешені ауылға жаңа тыныс беріп, жаңа өмір салтының бастауына айналады деп сенеміз. Осындай нысандар ауыл жастарының денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бойында табандылық пен жеңіске деген сенім қалыптастырады. Биыл өңір бойынша мұндай 3 кешен пайдалануға берілмек, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Кешеннің жалпы алаңы - 1 284,2 шаршы метр. Онда спорттық-сауықтыру іс-шаралары, бокс, күрес және ауыр атлетика бойынша жарыстар өткізуге болады. Ғимарат ішінде заманауи спорт және жаттығу залдары, киім ауыстыратын бөлмелер, душ, санитарлық тораптар, медициналық пункт және құрал-жабдық сақтайтын бөлмелер бар.