Тавриядағы хоспис күн қуатымен жылытылып отыр
ШҚО-да жылу жүйесіне күн энергиясы технологиялары енгізілуде

Ұлан ауданының Таврия ауылындағы хоспис инновациялық күн энергиясымен жылыту жүйесіне қосылды. Бұл энергия үнемдейтін әрі экологиялық тұрғыдан таза технология, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Күн энергиясымен жылыту жүйесі – күн панельдері мен бу-тамшылы батареяларды біріктіретін заманауи әрі тиімді құрылғы. Ол тұрғын үйлер мен әлеуметтік, өндірістік нысандарды –10-нан +95 °C-қа дейінгі температурада жылытып, жайлы микроклимат қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мұндай қондырғылар бүгінде Атырау және Алматы облыстарында қолданылады және өз тиімділігін дәлелдеп отыр.
Жүйенің басты ерекшелігі – үнемді, энергия көздерінен тәуелсіз және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін экологиялық тазалығы. Күн энергиясын пайдалану жылу шығындарын 70% дейін қысқартуға мүмкіндік береді, ал өтелім мерзімі небары 3–5 жылды құрайды. Жүйе күрделі күтімді қажет етпейді, 30 жылдан астам қызмет ете алады.