Өскемен
малооблачно
-5°
  • Өскемен
    -5°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -2°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +17°
$
539.56
+0.93
627.35
+5.12
¥
75.71
+0.28
6.84
+0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыстың әскери қызметкерлері соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады

Бүгін, 15 қазан күні Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Яковлевич Головатюк 98 жасқа толды

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыстың әскери қызметкерлері соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады
Фото:
ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен

ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері ардагердің үйіне барып құрмет көрсетіп, Қорғаныс министрінің құттықтау хатын табыстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Михаил Яковлевич 1927 жылғы 15 қазанда Иркутск облысының Кутулин ауылында дүниеге келген. 1943 жылы 16 жасында еңбек армиясына шақырылып, Иркутск пен Байкал арасындағы теміржол құрылысында жұмыс істеді. Ал 1944 жылдың қарашасында әскер қатарына алынып, майданға аттанды.

Соғыс жылдары Михаил Яковлевич 579-шы атқыштар полкінің құрамында жапон әскеріне қарсы шайқастарға қатысып, автоматшы болып қызмет атқарды. Ерлігі мен батырлығы үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Ленин орденімен және "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен марапатталды.

1951 жылы наурыз айында әскерден босатылып, Омбы облысындағы ата-анасына оралады. Біраз уақыт жүргізуші болып еңбек етеді. 1952 жылы Өскемен қаласына көшіп келіп, Қорғасын-мырыш комбинатына жұмысқа орналасады. Алдымен балқыту цехінде балқытушы болып, кейін рафинация цехінде істеген. Комбинатта 35 жыл бойы табанды еңбек етіп, кейін зейнетке шыққан.

Әскери қызметкерлер ардагерге естелік сыйлықтар мен ҚР Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосановтың атынан құттықтау хатын табыстады.

Михаил Яковлевичтің өмір жолы — ерлік пен төзімділіктің, адал еңбектің үлгісі. Оның өмірбаяны - ел тарихының ажырамас бөлігі, еңбегі мен Отанға деген сүйіспеншілігімен өрілген даңқты ғұмыр, - деді Өскемен қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыстар тобының бастығы майор Сырым Ақтаев.


Следующая →