Бүркіттөбеге автобус жүреді, жол ақысы 1000 теңге
"Шығыс салбурыны-2025" құсбегілер фестивалінің басты шаралары 11 қазанда өтеді

Өскемен қаласынан сайыс өтіп жатқан Бозанбай ауылына дейін автобус жүреді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ертең Бозанбай ауылында өтіп жатқан бесінші мерейтойлық халықаралық "Шығыс салбурыны" фестивалінің соңғы күні. Қазақстан, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдерден қатысушылар келген.
Ертең негізгі сайыстар және эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
"Өскемен – Бозанбай – Бүркіт төбе" бағыты бойынша автобус 11 қазан күні сағат 8.00-де "ADAL" автовокзалынан шығады; кері қайту рейсі сағат 16.00-де. Жол жүру құны - әр адамға 1000 теңге.
Маршрут бойында келесі аялдамаларға тоқтайды: "Эмилия", "Өзен вокзалы", "Фреш маркет", "Сәтпаев", "Сол жағалаудағы полиция бөлімі (общежитие)", "20-шағын аудан".