Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Адасқан шопандарды іздеуге шыққан полицейлердің өздері үсіп қалған

Кеше Жарма ауданындағы қыстақтан шыққан шопандар адасып кеткен

Усть-Каменогорск и ВКО / Калбатау (Жарминский р-он) / Адасқан шопандарды іздеуге шыққан полицейлердің өздері үсіп қалған
Фото:
Polisia.kz

Оларды іздеуге шыққан тәртіп сақшыларының көлігі қар құрсауында қалып, іздеуді жаяу жалғастырған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

22 ақпан сағат 01.24-те "103" арнасының операторынан Жарма ауданындағы Шабақ қыстауынан шамамен 4 км қашықтықта екі ер адам көмек сұрағаны туралы өтініш келіп түскен.

Жолаушылардың тракторының жанармайы қатып қалған, екі шопан кері қайтар жолды таппай, адасып қалған. Кейбір жерлерде байланыс болмаса да, дала жүрген ер адамдар шұғыл қызметтерге мезгіл-мезгіл қоңырау шалып, қатты қатып тоңғандарын айтқан.

Жарма ауданының учаскелік полиция инспекторлары дереу көмекке шақырылды.

Іздеу жұмыстары оңай болмаған, өйткені адасқандар өздерінің координаттарын бере алмады, - делінген  Polisia.kz ақпаратында. - Полиция қызметкерлері Дастан Иманов пен Еркебұлан Самалхан шамамен бағытты түсініп, трактор дөңгелектерінің ізімен шыққан жерден адамдарды іздей берген. Нива автокөлігімен даланы аралап жүріп, полицейлердің өздері қар құрсауында қалды. кКөлікті тастап, әр минут маңызды екенін түсініп, жаяу іздеуді жалғастыруға шешім қабылдады. Бұл уақытта ауа температурасы -39-ға дейін жеткен еді. Өз өмірлерін қатерге тігіп, үсік шалған полицейлер 2 км-ден кейін тракторшыларды тапты.

Ең қиыны қызметтік көлікке қайту жолы болды, аяздан әлсіреген ауыл тұрғындарына көмектесу керек болды.

Ер адамдар қуаныштың көз жасын жасыра алмады, бізге алғыс айтты. Біз олармен бірге қуандық, адамдарды құтқару үшін бәрін жасағанымызды түсініп, толық тыныштық сезімімен үйге қайттық, – деді Дастан Иманов.

Следующая →