Жаңа Үлкен Нарын ауданына басшы тағайындалды
Әзірге жаңа ауданның әкімінің міндетін Елдос Байрахметов атқарады
Бұл туралы ақпаратпен Катонқарағай ауданының әкімі өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ділдар Қалиқан Елдос Жанболатұлының жаңа қызметіне сәттілік пен табыс тіледі.
ҚР Президентінің Жарлығымен жаңадан құрылған Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы лауазымына Байрахметов Елдос Жанболатұлы тағайындалды, - деп жазды ол.
Елдос Байрахметов 1990 жылы Үлкен Нарын ауданы, Балғын ауылында дүниеге келген.
Әр жылдары түрлі қызметтер атқарған:
- 2011 жылы "Қазақтелеком" АҚ операторы қызметінде еңбек жолын бастаған.
- 2012-2013 жылдар аралығында "Қазақтелеком" АҚ техник, инженер-конструктор.
- 2016-2018 жылдар аралығында "Астанателеком" мекемесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
- 2019-2021 жылдар аралығындп "Ертіс" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
- 2021-2022 жылдары Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесінің (министрдің) кеңесшісі, көмекшісі.
- 11.2022-02.2023 Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары.
- 02.2023 ж. бастап Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы.
Сондай-ақ, бейресми ақпарат бойынша, жаңа құрылған Марқакөл ауданы әкімінің міндетін Рүстем Кемешов атқармақ.