Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кеше бір табын малмен бірге жоғалған шопан бүгін табылды

Абай облысында мал бағып жүрген шопан тұманда адасып кеткен

Усть-Каменогорск и ВКО / Калбатау (Жарминский р-он) / Кеше бір табын малмен бірге жоғалған шопан бүгін табылды
Фото:
Абай облысының ПД баспасөз қызметінен

260 малмен шопанның жоғалғаны туралы Жарма ауданының полициясына шаруа қожалығының иесі мәлімдеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Полицейлер шұғыл шаралар қабылдады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тәртіп сақшылары тек Жарма ауданында ғана емес, облыстың көрші аудандарында да іздестіру шараларын жүзеге асырды, - деп хабарлады Абай облысы Полиция департаменті.

Нәтижесінде таңертең ғана сағат 09.00 шамасында 43 жастағы ер адам жұмыс істейтін шаруашылықтан 15 шақырым жерде табылды.

Белгілі болғандай, мал айдау кезінде ер адам тұманға түсіп, бағыттан адасқан.

Түнде далада суық болғандықтан, шұғыл түрде ер адамды тауып, үйіне аман-есен қайтару керек болды, - дейді Кезенсу елді мекенінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Бағдатбек Омаров. - Ер адам далада қатып қалуы мүмкін деп алаңдадық. Іздеу топтары барлық аудандарды аралап, тек таңертең таптық.

Следующая →