Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Абай облысындағы балалар суицидіне қатысты білім басқармасы жауап берді

Өткен аптада Жарма ауданында екі баланың суицид жасап, бірі көз жұмғандығы хабарланған

Усть-Каменогорск и ВКО / Калбатау (Жарминский р-он) / Абай облысындағы балалар суицидіне қатысты білім басқармасы жауап берді

Ал екінші балаға қатысты облыстың білім басқармасы басқаша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.

Өткен аптада Абай облысы Жарма ауданының Үшбиік ауылында жоғары сынып оқушыларынан жәбір көрген екі 9-сынып оқушылары өздеріне бір уақытта қол жұмсап, біреуі құтқарылып, екіншісі көз жұмғандығы туралы ақпарат тараған болатын. Ал Абай облысының білім басқармасындағылар аман қалған бала өз өзіне қол жұмсауға әрекеттенбегенін айтады. Ол қорада жасырынып, тәтті жеп отырған көрінеді.

Көз жұмған жеткіншектің сыныптастарының айтуынша, 11-сынып оқушылары жасөспірімдерді бірнеше рет ұрып, психологиялық қысым көрсеткен.

Осы іс бойынша Абай облысының полиция департаменті, Жарма полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Осыдан кейін мектеп директоры мен сынып жетекшісі қызметінен айырылған.

Ал кеше облыстық білім басқармасы жасөспірімдердің бұзақылық салдарынан өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ, қызметкерлер марқұмның бір күн бұрын төбелеске қатыспағанын да айтты.

Олардың айтуынша, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген екінші бала жай ғана сабақтан қашып кеткен.

Ол қорада отырған, сабаққа келмеген соң сынып жетекшісі оны іздей бастаған. Сынып жетекшісі бірден оның үйіне жүгірді. Ал ата-анасы да оны іздеп, қораға кіргенде ол сол жерде оқушы Choco Pie жеп отырған, - деді Абай облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нүскенова.

Қазір бұл оқиға бойынша өзге ақпарат әлі жарияланған жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Следующая →