ШҚО-да жылу электр орталықтарының 81% тозған
Ел бойынша электр желілерінің басым бөлігі тозған
Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов ҚР Үкіметінің отырысында айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан бойынша дұрыс жұмыс істемей тұр 19 ЖЭО-ға қатысты тапсырма берген болатын.
ҚР Энергетика министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған арнайы комиссия шеңберінде жылу электр орталықтарының (ЖЭО) техникалық жай-күйі бойынша талдауды аяқтады. Бүгінгі таңда елімізде барлығы 37 жылу электр орталығы жұмыс істеуде, оның ішінде қызыл аймаққа – 19, сары аймаққа – 11 және жасыл аймаққа – 7 ЖЭО кірді.
Қазір Қазақстанда электр желілерінің орташа тозуы – шамамен 66%, ал Шығыс Қазақстан облысында – 81%. Биыл өткен жылмен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтар саны 183 дерекке, өндірістік жарақаттанушылық саны 7 дерекке өсті, - деді министр Болат Ақшолақов.
Министр бұл мәселелерді шешу үшін жергілікті атқарушы органдар шұғыл түрде жүйелі шаралар қабылдауы керектігін айтты. Оның сөзіне сүйенсек, елдегі тозығы жеткен ЖЭО-ларды жөндеу үшін жалпы сомасы 182 млрд теңге қажет.
"Қызыл" аймақтағы жылу электр орталықтары үшін күзгі, қысқы кезеңде тәуекелдерді азайту үшін негізгі жабдыққа күрделі жөндеу, реконструкциялау, жарық жүргізу көлемі айқындалды. Алдын ала деректер бойынша аталған жұмыстарды орындау үшін 182 млрд теңге керек. Бұл есеп бенчмаркинг шеңберінде жүргізілді. Электр және жылу энергиясына бекітілген тарифтерді ескеріп, энергия өндіруші ұйымдарды жөндеу үшін көзделген қаражат 93 млрд теңге болды, - деді министр.
Министрдің айтуынша, бүгінде электр стансаларының бекітілген тарифтер шеңберінде электр және жылу энергиясының өткізуден түсетін кірістер толық жөндеулерді орындау үшін шығыстарды өтемейді. Жеткіліксіз қаржы сомасы – 88 млрд теңге.