Жарма ауданында заңсыз алтын өндіретін кен орын анықталды
Кен өндірумен айналысқан 13 адам ұсталды, оның жетеуі шетел азаматы болып шықты
![Усть-Каменогорск и ВКО / Калбатау (Жарминский р-он) / Жарма ауданында заңсыз алтын өндіретін кен орын анықталды Усть-Каменогорск и ВКО / Калбатау (Жарминский р-он) / Жарма ауданында заңсыз алтын өндіретін кен орын анықталды](/upload/iblock/326/v8uudovl33ljbtfnlb3mjpxb38y742tk/imgonline_com_ua_Resize_LzL6c7lENcCdMg.jpg)
Жарма ауданындағы «Еділбай» учаскесінде құрамында алтын бар материалды заңсыз өндірумен, өңдеумен, жер қойнауын өз бетінше пайдаланумен және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұсталды, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл факт ҚР ҚК-ның 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Өткізілген іс-шаралар барысында Жаңғызтөбе кентінен 30 шақырым жерде құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу бойынша 2 заңсыз цех табылды. 13 алтын іздеуші ұсталды, оның ішінде жетеуі шетелдік. Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде құрамында 100 тонна алтын бар кен, сондай-ақ 2 килограмнан астам жарылғыш (аммонит) және улы (сынап) заттар, сондай-ақ өндіруге қажетті жабдықтар табылып, тәркіленді, - делінген хабарламада.
Осы істі ұйымдастырған және заңсыз цехтердің иесі жергілікті тұрғын болып шықты.