Ыстанбұлда жарылыс жасады деген күдікті әйел ұсталды
Кеше Ыстанбұл көшесінде жарылыс орын алған болатын. Жарылғыш затты қойып кетті деген күдікке ілінген әйел ұсталды
Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE сайтыҚазақпаратқа сілтеме жасап.
Сулейман Сойлу күдіктіні қаланың Полиция басқармасының қызметкерлері ұстағанын мәлім етті.
Сондай-ақ, Сойлу билікте Түркияда террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшы партиясының өкілдерінің шабуылға қатысқаны туралы дәлелдер бар екенін де жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.