Ер адам ШҚО-да үш жыл алимент төлемеген
Құқық бұзушының айтуынша, ол бұл олқылықтың барлығы ресми жұмысқа орналаспағандықтан төлемеген, қарыз сомасы шамамен 300 000 теңгені құрады
Жыл басынан бері полицейлер өз балаларына алимент төлеуден жасырынып жүрген 80-нен астам азаматтың тұрған жерін анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мысалы, Көкпекті ауданында сәуір айының басында полиция бөліміне 42 жастағы азаматты іздестіру туралы Жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түсті, ол үш жылдан бері балаларын асырауға алимент төлемейді, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Іздестіру іс-шаралары барысында Көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде іздестіру ісін ашпай, төлем жасамаушының Жарма ауданында орналасқан жерін анықтады. Енді оның қарызын өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады.