Кәмен Оразалиннің үйі музейге айналды
Абай ауданында Шыңғыстаудың "Шолоховы" атанып кеткен қарымды қаламгер Кәмен Оразалиннің үйінен музей ашылды
Білікті педагог Кәмен Оразалин1950 жылы өзі салып, өмірінің барлық уақытын өткізген қара шаңырағы жаңартылып, Кәмен Оразалиннің музей-үйі ашылды, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай ауданы әкімдігінің ақпаратына сүйеніп.
Әке өмірін жалғап, қаламгердің арман-мақсаттарына қол жеткізіп, Кәмен Оразалин есімін тарих бетіне алтын әріппен жаздырып жүрген Елдар Кәменұлын осы қуанышпен құттықтаймыз, - деді аудан әкімдігіндегілер.
Осылайша қарымды қаламгердің есімі мәңгі ұрпақ санасында жаңғырып, жазушының даңғыл жолы келешек үшін тәлім-тәрбие мектебіндей болып қалмақ.