Риддерліктер қараша үшін жылу ақысын төлемейді
Биыл жылыту маусымы басталғалы бері Риддер қаласындағы қазандықта бірнеше рет ақау шыққан
Ал қараша айы басталғалы тіпті жылу қазандығы істен шығып, әлі толық жөнделіп біткен жоқ. Мардымды жылу болмаған соң қараша айы үшін жылу ақысын да төлемейді, деп хабарлайды Устинка LIVE «Қазақстан» ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Бірақ тұрғындар қыркүйек пен қазан айына толық төлем жасаған. Енді ол төлемдер келесі айға есептелетін болды.
Ал қараша айында халыққа алдын ала төлем жасау үшін қымбаттаған тариф көрсетілген түбіртектер келе бастаған. Алайда қарашаның бесінде қаладағы орталық қазандықтар істен шығып, 22 мың абонент жылусыз қалған еді. Осыдан соң монополияға қарсы Агенттік қызметкерлері Риддерде жылу қызметінің құны қайта есептелетінін айтты.
Бірақ жылыту орталығының басшылары тұрғындарға қажетті жылуды бере ала алмағанына қарамастан бұл ұсыныспен келіспейтіндігін айтқан. Дегенмен, мәселеге құзырлы органдар араласқан соң, қазандық басшылары қараша айына қаржы алмайтын болды.
Жалпы Риддердегі жылуға қатысты мәселе біртіндеп шешіліп келеді. Бұған дейін үш қазандық іске қосылды. Кешеден бері оқу орындарында сабақ басталды. Әзірше оқушылар 30 минуттан оқып жатыр. Қалада техногендік сипатта жарияланған төтенше жағдай әлі алынған жоқ.