Глубокое ауданындағы гидрологиялық жағдай тұрақты
Наурызда ауа райының күрт жылынып, жауын-шашын жаууына байланысты еріген қар суының көлемі ұлғайды
Ауданда су тасқынының алдын алу бойынша гидрологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіліп,тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ауданның су объектілерінде су деңгейінің көтерілуін анықтау үшін бақылау белгілері қойылған. Су тасқыны қаупі бар елді мекендерден 9 мың текше метрден астам қар шығарылды. Арықтарды, су арналарын тазарту, мұзды механикалық ұсақтау бойынша жұмыстар жүргізілді: 12 канал, 49 арық тазартылды және тереңдетілді, 8 көпір және авто және темір жолдардағы 91 су өткізу құрылыстары тазартылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Қазіргі уақытта аудан бойынша гидрологиялық жағдай тұрақты. Өзендердегі су деңгейі қауіпті белгілерден төмен.
Жалпы Глубокое ауданында тасқын және еріген су басуы ықтимал 15 елді мекен бар.
Жағдай күрделене түскен жағдайда жергілікті атқарушы орган мен азаматтық қорғау қызметкерлерінен 170 адам дайын. Сондай-ақ, 144 техника, 2 жүзу құралы және 29 мотопомпа, 100 тонна инертті материалдар дайындалған.