С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жіберді
Университеттің ұжымы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жөнелтті
Ақтөбе облысына көмек қолын созуды студенттер де шет қалмады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Айта кеткен жөн, Ақтөбе облысындағы тасқын болған аймақта 1300-ден астам үй су астында қалып, 8 мыңға жуық мал шығыны тіркелді. 64 елді мекен көлік қатынасынсыз қалған.
Университет қызметкерлері тамақ өнімдерін, суды тазартуға арналған сүзгілерді, жеке гигиена құралдарын, тұрмыстық химияны, дәрі-дәрмектерді және жылы тұрмыстық керек-жарақтарды, көрпе-жастықтар жинаған, - деп хабарлады С. Аманжолов атындағы ШҚУ баспасөз қызметі.
Игі іске студенттер де атсалысып, гуманитарлық көмекті жинастырып, жөнелту жұмыстарына қолғабыс етті.