Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Глубокое кентінің су және жылумен жабдықтау желілері тозып тұр

ШҚО-дағы 10 мыңға жуық халқы бар кенттің су және жылумен жабдықтау желілері 90%-ға тозған

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое (Глубоковский р-он) / Глубокое кентінің су және жылумен жабдықтау желілері тозып тұр
Фото:
depositphotos.com

Биылғы жылыту маусымы бүкіл Қазақстан бойынша ЖЭО және сумен жабдықтау объектілеріндегі проблемаларды көрсетті. Елдің шығысында қыс қатты болды, қар жауып, аяз қысты. Ең қиыны Риддердегі жағдай болды, алайда облыстың басқа елді мекендерінде ЖЭО соңғы деммен жұмыс істеп тұр.

Мәселен, Глубокое ауданының Глубокое кентінде жылу-энергетикалық орталықтың құрылысы бір басталып, бір тоқтап тұрғанына біраз жыл болды. Алайда, баяғы жартас сол жартас болып тұр.

Қазір 9,5 мыңнан астам халқы бар кентті жылумен қамтамасыз етіп отырған кендегі қазандық 1939 жылы салынған.

Өткен жылы біз 3 және 5 2 қазандықты жөндедік. Шамамен 143 млн теңге жұмсалды. Биыл біз жылыту маусымын қиындықсыз өткіздік, тек 1 апат болды, ол кезде бір жарым күн ішінде үйлерге жылу берілмей тұрды . Бірақ біз жедел әрекет етіп, ол олқылықты жойдық, - деп сендірді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сумен жабдықтау желілерінің жағдайы да қиын болып тұр. Олар да қазандықтар сияқты "Теплоэнергия"МКК қарамағында. Кәсіпорын жылу энергиясын өндірумен, суды жинаумен, өңдеумен және таратумен, сондай-ақ қауіпті емес қалдықтарды өңдеумен және жоюмен айналысады. Коммуналдық мекеме 14 елді мекенге қызмет көрсетеді, ал ресми мәліметтер бойынша мұнда 250-ге жуық адам жұмыс істейді. Тек аудан орталығындағы желілердің тозуы 90%-дан астамды құрайтынын ескерсек, жұмыскерлер орын алған екпінді жедел жойып үлгермейді.

- Қазір жылумен жабдықтау желілерін және кейіннен сумен жабдықтау желілерін қайта құру бойынша жобалар қаралуда. Бұл біздің негізгі міндеттеріміз. Қазір мемлекет тарифтік жүйені қайта қараумен айналысуда, біз бұл мәселелердің шешілуін күтудеміз, - деді аудан әкімі.

Жаңа жылу көзінің құрылысына келетін болсақ, 3 жыл бұрын "Mimsan endustri kazanlari sanayi ve ticaret A.S" түрік компаниясымен " келісімшарт жасалған болатын. 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоба басталды. Құны 5 млрд теңге болатын жаңа ЖЭО орталықтағы жылуы болған үйлерді жылумен қамтамасыз етуі, сондай-ақ кенттің басқа шағын аудандарын да жылуға қосуға тиіс еді. Алайда, бірқатар себептерге байланысты инвесторлар өздеріне алған міндеттемелерін орындамады және олармен келісімшарт бұзылды.

Биыл біз конкурстық рәсімдерді өткіздік. Осы жобаны аяқтауға бір жергілікті компания ниет білдіріп отыр. Олардың өтініші қабылданды, мақұлданды. Мәселе министрліктің қарауында. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтеді. Біз оны келесі жылға жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді Эльдар Тумашинов.

Жаңа ЖЭО аумағында құны 1,5 млрд теңгеден асатын жабдық жұмыс істемейтінін айта кеткен жөн. Бұл қаражат мемлекеттік қазынадан бөлінді.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, қазір ауданда тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым жаңартылуда. Мәселен, ТҮКШ тұжырымдамасы шеңберінде ауданда 2 жобаны іске асыру - Малоубинка ауылында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу және Степное ауылында сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау көзделген. Бұдан басқа, Алтай кенті мен Опытное поле ауылының тазарту құрылыстары мен кәріздерін қайта жаңарту бойынша 2 жобаны аяқтау жоспарлануда.

Ауданның 3 ауылында 131 млн теңгеге (Белоусовка, Предгорное, Перевальное) қолданыстағы сумен жабдықтау желілеріне жөндеу жүргізілетін болады, сондай-ақ Глубокое кентінде 9,3 млн теңгеге суды тазартудың блоктық-модульдік станцияларын орнату жоспарлануда.

Аудан тұрғындары жаңа нысандардың енгізілуімен ауданда жылу мен судың қиындықтары азаяды деп үміттенеді.


Следующая →