Глубокое ауданында үш адам кәріз құдығындағы газдан уланған
Олардың бірі құдықтан өзі шығып, құтқарушыларды шақырған

Зардап шеккен үш азамат аудандық орталық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ТЖМ құтқарушылары жедел көмек көрсетті
Глубокое ауылында кәріз құдығында жұмыстар жүргізу кезінде үш жұмысшы газдан уланған, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. – Олардың бірі өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған. Глубокое ауданы ТЖБ бастығы Константин Боровиков пен аудан әкімі аппаратының ТЖ және азаматтық қорғау саласы бойынша бас маманы Темірлан Кеңесқанов оқиға орнына бірінші болып келіп, құдықтан екі азаматты шығарды.
Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.