Өскемен
Қалың бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
    +6°
  • Алматы
    +9°
  • Риддер
    +7°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Ақтау
    +8°
  • Атырау
    +2°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +10°
  • Түркістан
    +16°
  • Орал
    +3°
  • Шымкент
    +11°
$
466.33
-4.13
538.47
-4.63
¥
67.76
-0.62
5.9
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өндірістік қалдықтардан құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт ашылды

Алматы қаласында қазақстандық технологиялар негізінде өндірістік қалдықтардан құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт іске қосылды

Новости Казахстана / Өндірістік қалдықтардан құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт ашылды
Фото:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бұл жобаға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдары да атсалысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев университеттер жанынан технологиялық парктер құру және ғылымды өнеркәсіп саласына интеграциялау жөнінде тапсырма берген болатын.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауына ие болған жоба Satbayev University, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Металлургия және кен байыту институты, сондай-ақ индустриялық серіктес – "Savenergy" компаниясының қатысуымен жүзеге асырылады. Ғылыми топ рецептураларды әзірлеуден және шикізатты іріктеуден бастап, технологиялық процестерді баптауға және сериялық өндірісті іске қосуға дейінгі жұмыстардың толық циклін қамтамасыз етті. 

Бұл жоба – университеттердің тек кадр даярлау орталығы ғана емес, сонымен қатар индустриялық дамудың драйверіне айналуының нақты үлгісі. Мұндай тәжірибені еліміздің барлық өңірінде кеңінен тарату жоспарланып отыр, - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Кәсіпорын базасында жаңа буын мамандарын даярлауға арналған оқу-зертханалық кешен жұмыс істейді. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулерге қатысуы, сондай-ақ инновациялық құрылыс материалдарын сынақтан өткізу көзделген.

Бұл зауыт жергілікті минералдық шикізат пен қайта өңделген өнеркәсіптік қалдықтарды пайдаланады. 

Әзірленген технологиялар жаңа құрылыс материалдарын жасап қана қоймай, оларды өнеркәсіптік өндіріске сәтті енгізуге мүмкіндік берді. Осылайша, бұрын пайдаланылмаған қалдықтар құрылыс саласы үшін сұранысқа ие ресурсқа айналып, экологиялық жүктемені азайтуға және өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді, - дейді Satbayev University профессоры-зерттеушісі Руслан Нұрлыбаев.

Қолданылатын технологиялық шешімдер патенттермен қорғалған. Өндірілетін құрылыс қоспалары өте берік, ұлттық стандарттарға сәйкес келеді және тиісті сертификаттаудан өткен. Бұл өнімдерді қазірдің өзінде отандық құрылыс компаниялары пайдаланып жүр. Алдағы уақытта өнім түрлерін кеңейту, өндірістік қуаттарды арттыру және технологиялық шешімдерді еліміздің өзге өңірлеріндегі ұқсас кәсіпорындарда енгізу жоспарланған.

Следующая →