Өскемен
Қалың бұлтты
-35°
  • Өскемен
    -35°
  • Семей
    -27°
  • Алматы
    -4°
  • Риддер
    -24°
  • Астана
    -23°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
    -4°
  • Қарағанды
    -20°
  • Көкшетау
    -26°
  • Қостанай
    -19°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -32°
  • Петропавловск
    -26°
  • Тараз
  • Түркістан
    +8°
  • Орал
    -16°
  • Шымкент
    +14°
$
496.85
-0.48
585.54
-1.16
¥
72.23
+0.24
6.49
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі 100 жасқа толған ардагерге автокөлік тарту етті

Глубокое ауданының Веселовка ауылында тұратын ҰОС ардагері Павел Стрехо 100 жасқа толды

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое (Глубоковский р-он) / ШҚО әкімі 100 жасқа толған ардагерге автокөлік тарту етті
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ардагерді мерейтойымен облыс әкімі, Қорғаныс істері департаментінің өкілдері мен әскерилер құттықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Павел Еремеевич 1943 жылы, небары 17 жасында әскер қатарына шақырылған. 1944 жылы 3-ші Беларусь майданына жіберіліп, 1945 жылы Кёнигсбергті азат етуге қатысқан. Ол - III дәрежелі Даңқ ордені мен I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері, "Ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Кёнигсбергті алғаны үшін", "Жапонияны жеңгені үшін" медальдарымен және Жуков медалімен марапатталған жан.

Мерейтой иесін Шығыс Қазақстан облысының әкімі, 27943 әскери бөлімінің жеке құрамы, Қорғаныс істері департаментінің өкілдері, облыстық әкімдік қызметкерлері мен туған-туыстары құттықтады. Бұл күні Павел Еремеевичтің қасында ұлдары болды. Олардың бірқатары алыстан ат терлетіп келіп, әке қуанышын бірге бөлісті.

Нұрымбет Сақтағанов ардагерге Ұлы Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдірді. Аймақ басшысы мерейтой иесіне жаңа автокөліктің кілтін табыстады.

Павел Еремеевич - тұтас бір дәуірдің куәсі. Оның өмір жолы - сынбас рух пен Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Біз сұрапыл соғыста Жеңіс жалауын желбіреткен буынның алдында бас иеміз және алғысымызды жеке жеткізу мүмкіндігінің болғанына қуаныштымыз. Деніңізге саулық, отбасыңыздың жылуы мен құрметіне бөленіп, ұзақ ғұмыр кешуіңізді тілеймін, - деді облыс әкімі.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач пен жергілікті өнер ұжымдары мерейтойлық концерт ұйымдастырды.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Павел Стрехо Ардагер 100 жасқа толды