ШҚО тұрғыны біреудің атынан несие алып, 2 млн теңге қарызға батырған
Бұны ШҚО полицейлері "Anti-Fraud" жедел профилактикалық шарасы барысында анықтаған

Күдікті жәбірленушіні алдап, оның атынан банк қосымшасы арқылы қымбат техникалар алу үшін несие рәсімдеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері "Anti-Fraud" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен ер адамды анықтады.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті жәбірленушіні алдап, банк қосымшасы арқылы биометриялық верификациядан өткен. Осыдан кейін жәбірленушінің атына қымбат тұрмыстық техниканы сатып алу үшін тауарлық несиелер рәсімдеген, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 2 миллион теңгені құрады. Кейін алынған тауарларды ломбардқа өткізген. Жауап алу барысында ол өз кінәсін мойындады.
Аталған фактімен "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.