Глубокое тұрғыны ауласында есірткі өсірген
Күдіктінің үйін тексеру кезінде 4 келі марихуана мен 1 келіден астам каннабис бұтақтарын тәркіленді

Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полицейлер есірткіні заңсыз сақтап, өсірді деген күдікпен Глубокое ауданының 22 жастағы тұрғынын ұстады.
Жедел тінту барысында оның үйі мен ауласынан өзіне тән иісі бар өсімдік бұталары, шыны банка мен ішінде кептірілген зат салынған қап, металл табақшалар, ыдыс-аяқ, сондай-ақ жасыл өсімдіктер орналасқан кептіргіш машина табылды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттар есірткі - марихуана екені анықталды. Оның жалпы салмағы 4 кг асты. Бұған қоса ауладан сарапшылар каннабис ретінде таныған өсімдік бұтасы тәркіленді, оның салмағы 1,2 кг асты.
Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың баламаларын өткізу мақсатынсыз заңсыз айналымға салу" және "Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.