Өскемендегі №60 автобус бағытына жаңа аялдама қосылды
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, халықтың талабы ескерілді

Фото:
Устинка LIVE
Енді автобус "Потанин" аялдамасына да тоқтайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, "РОСТ" ЖШС тасымалдаушы компаниясына тиесілі №60 автобус Октябрь кенті мен Есенберлин даңғылы арасында қатынайды. Ол әдетте "Потанин" аялдамасына тоқтамай, Ушан алаңындағы "Вояж" дүкені маңынан тоқтайтын. Тұрғындар автобус бағытына "Потанин" аялдамасын қосуды көптен бері сұрап жүр.
Бүгіннен бастап ЖМК ауданына бет алған автобус "Потанин" аялдамасына тоқтайтын болды.