Белоусовка тұрғыны "Ауыл аманатының" көмегімен кәсібін дөңгелетіп отыр
Ол қақталған және вакуумдалған қазы, жая, шұжық түрлерін жасау үшін заманауи құрал-жабдық сатып алған

Ауыл кәсіпкерлерінің бірі Амантай Танкаев "Ауыл аманаты" бағдарламасының көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Глубокое ауданының тұрғыны отбасылық шаруашылығын дамытуға және ет өнімдерін қайта өңдеу ісін жолға қою ниетімен AMANAT партиясының аудандық филиалына, сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүгінген. Қолдау тапқан жоба жеңілдетілген несие арқылы қаржыландырылып, кәсіпкер заманауи құрал-жабдық сатып алды.
Бүгінде ол жұбайымен бірге қақталған және вакуумдалған қазы, жая, шұжық түрлері, сондай-ақ жартылай дайын өнімдер – тұшпара, мәнті және варениктер өндіруде. Өнім сапасы жоғары бағаланып, жергілікті тұрғындар арасында сенімге ие болды.
AMANAT партиясының қолдауы мен "Ауыл аманаты" бағдарламасы болмаса, мұндай жобаны іске асыру әлдеқайда қиын болар еді. Қазіргі таңда өндірісті кеңейту жоспарын қолға алып отырмыз. Жұрт біздің өнім – өз шаруашылығымыздан шыққан табиғи әрі таза тағам екендігін біледі. Сондықтан сұраныс күн санап артып келеді, - дейді кәсіпкер Амантай Танкаев.