Уварово ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт науқастарды қабылдай бастады
Конституция күніне орай Глубокое ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пунктің ашылу салтанат өтті

Жаңа нысан заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтылып, ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұған дейін 1970 жылы салынған, небары 80 шаршы метрлік бейімделген ғимаратта халыққа медициналық қызмет көрсетіліп келген. Алайда ол санитарлық талаптарға сай келмеген.
ФАП-тың ашылуы – "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген мақсаттардың нақты орындалуы. Бұл – ауылдағы денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігін арттыруға жасалған үлкен қадам. Ең бастысы – тұрғындар медициналық көмекті алыстан іздемей, өз ауылында ала алады. Бұл халықтың денсаулығына деген қамқорлықтың нақты көрінісі, – деді Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы Алтай Қалиғожин.
Жаңа медициналық нысанның ашылғанына жергілікті тұрғындар риза.
Бұрын бізге кей жағдайда аудан орталығына баруға тура келетін. Ол уақыт пен шығынды талап ететін. Енді ауылымызда осындай заманауи медициналық пунктің ашылғаны біз үшін үлкен қуаныш. Балаларымыз бен қарттарымызға дер кезінде көмек көрсетілетініне сенімдіміз, – деді Уварово ауылының тұрғыны Надежда Соломенникова.