Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +26°
$
538.54
628.31
¥
75.5
6.7
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі Бабкин диірмені шағын ауданында көптен күткен жаңа мектеп ашылды

300 балаға есептелген білім ордасында оқуға 209 бала өтініш білдірген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі Бабкин диірмені шағын ауданында көптен күткен жаңа мектеп ашылды
Фото:
Устинка LIVE

Жаңа мектепте оқушыларды қабылдау әлі де жүріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бабкин диірмені ауданында жалпы мектеп жасындағы 500-ге жуық бала тұрады. Бұл ауданда бұрын мектеп болмаған. Оқушылар қаланың әр ауданына барып оқуға мәжбүр болған.

Ұстаздар мен оқушыларды, олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын, - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит. - Шаһарымыз жыл сайын дамып, кеңейіп келеді. Әсіресе жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы ерекеше назарда. Айта кетейік, биыл қалада жаңа 3 білім ордасы бой көтерді: 19-шағын ауданда екі және Бабкин диірмені ауданында бір мектеп. Бұл шағын ауданның тұрғындары үшін жаңа мектептің ашылуы өте маңызды.

Тау бөктеріндегі Тимофеев көшесінде орналасқан бұл мектеп екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде білім беретінін айта кеткен жөн.

"Жайлы мектеп" ұлттық бағдарламасы бойынша бой көтерген жаңа мектепте оқушылар үшін барлық жағдай жасалған. STEM, робототехника сынды кабинеттер арнайы толықтай жабдықталған, әр кабинетте интерактивті тақталар ілінген, спорт залы кең әрі жарық, пән кабинеттерінде оқу бағдарламасына қажетті құралдармен жабдықталған, - дейді №31 орта мектеп директорының орынбасары Эльвира Тоқбаева. – Мектептің педагогикалық ұжымы дарынды, креативті жас мамандар. Математика мен орыс тілі ұстаздары әлі де қажет, басқа мамандар түгел жеткілікті.

Бұл мектептің ашылуы Бабкин диірмені ауданынан өзге, жақын орын тепкен Арматурный, Гавань, Шмелев Лог сынды шағын аудандардың тұрғындары үшін де ыңғайлы болды. Өйткені бұл аудандарда да білім ордасы жоқ.

Мен 1998 жылдан бері осы шағын ауданда тұрамын. Бізде мектеп болмағасын өзім қаладағы №3 мектепте білім алдым. Қаланың шеткі ауданынан орталыққа қатынап оқу қиын еді, қоғамдық көлік те дұрыс жүрмейтіні белгілі. Әсіресе қыста оңай емес. Сол үшін де жаңа мектептің ашылғаны жақсы болды. Екі баламды үйдің жанындағы осы мектепке бердім, - Әсем Берікқалиева.

Жаңа білім ордасына жаңа автобус берілгенін де айта кеткен жөн.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру аясында "Samruk-Kazyna Construction" АҚ 4,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлген. Облыстық бюджеттен бөлінген 1,5 млрд теңге инженерлік жүйелерді тартуға жұмсалса, қалалық бюджеттен бөлінген 230 млн теңгеге мектепке кіретін және шығатын жолдар салынған.

Следующая →