ясно
°
$
503.17
-0.73
600.89
-2.43
¥
72.45
-0.09
6.63
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандық боксшылар әлемдік бәсекеде топ жарды

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында World Boxing Әлем кубогы өтті

Новости мира / Қазақстандық боксшылар әлемдік бәсекеде топ жарды
Фото:
t.me/sport_comiteti

Қазақстан құрамасы Әлем кубогы кезеңінде 8 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "QAZSPORT" телеарнасына сілтеме жасап.

World Boxing Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.

Жалпы жүлде кестесі бойынша 8 алтын, 4 күміс, 4 қоламен Қазақстан алға шықты, одан кейін Бразилия  (4-2-1) және Үндістан (3-5-3).

Алтыннан алқа таққандар:

  • Назым Қызайбай (48 келі), 
  • Махмұд Сабырхан (55 келі), 
  • Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), 
  • Виктория Графеева (60 келі), 
  • Наталья Богданова (70 келі), 
  • Санжар Ташкенбай (50 келі), 
  • Сабыржан Аққалықов (75 келі), 
  • Айбек Оралбай (90+ келі).

Күміс жүлде:

  • Нұрбек Оралбай (80 келі), 
  • Алуа Балқыбекова (51 келі),
  • Надежда Рябец (75 кг),
  • Елдана Тәліпова (80+ кг).

Қола жүлде:

  • Ертуған Зейнуллинов (65 келі), 
  • Айдана Забынбекова (57 келі), 
  • Аида Әбікеева (65 келі), 
  • Сағындық Тоғамбай (90 келі).

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: World Boxing Әлем кубогі Қазақстан