Өскемен
облачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +17°
$
503.05
-0.10
542.99
-0.31
¥
69.19
-0.02
5.98
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Глубокое ауданының тұрғыны онаурызшылығымен ауыл туризмінің дамуына үлес қосуда

Предгорное ауылының тұрғыны 21 жылдан астам уақыт бойы ара шаруашылығымен айналысып келеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое (Глубоковский р-он) / Глубокое ауданының тұрғыны онаурызшылығымен ауыл туризмінің дамуына үлес қосуда
Фото:
"Amanat" партиясының ШҚОФ баспасөз қызметінен

Былтыр ол "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша аз пайызбен несие алып, ісін одан әрі дөңгелеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Глубокое ауданының Предгорное ауылында 21 жылдан астам уақыт бойы ара шаруашылығымен айналысып келе жатқан кәсіпкер Алексей Дегтярев бүгінде тек жергілікті нарықта ғана емес, көрші елдерде де жоғары сұранысқа ие табиғи бал өндіріп келеді. Оның кәсібі ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, өңірдің экономикалық өсіміне және туристік тартымдылығын арттыруға зор үлес қосып отыр.

2024 жылы Алексей Дегтярев өз кәсібін кеңейтіп, крем-бал өндірісі мен өнімдерді қаптауға қажетті жабдық сатып алу үшін "AMANAT" партиясының филиалына жүгініп, "Ауыл аманаты" бағдарламасының қатысушысы атанды.

"Ауыл аманаты" сияқты нақты бағдарламалар арқылы қолдау білдіру ауыл кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер сыйлап, туған өлкелерінің дамуына үлес қосуға жол ашады. Менің ұзақ уақыт ойыма алып, бастай алмай жүрген ісіме осы бағдарламаның игілігі тиді десем артық болмас еді, - дейді кәсіпкер Алексей Дегтярев.

"Ауыл аманаты" бағдарламасы ауылдағы кәсіпкердің ара шаруашылығына жаңа серпін береді. Қазіргі таңда оның шаруашылығы тек бал өндірісімен шектелмей, ауылдық туризмнің дамуына да үлес қосуда. Мұнда келушілер табиғи балды онаурыздан сатып алып қана қоймай, ара шаруашылығымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болуда.

Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер "Ауыл аманаты" бағдарламасының тиімді тұстарын көп айтады. Кәсіп бастаймын деген азамат үшін 2,5 пайызбен несие берілуі бұл үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Біздің партиямыз жергілікті жерлердегі кәсіпкерлерді барынша жан-жақты қолдайтын болады, - дейді "AMANAT" партиясы Глубокое аудандық филиалының төрағасы Анна Кузнецова.


Следующая →