Өскемен
ясно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -17°
  • Шымкент
    +10°
$
502.89
+0.42
527.03
+1.20
¥
69.36
+0.10
5.71
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқазақстандық ҰОС ардагері Павел Стрехо 99 жасқа толды

ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері мен №27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ардагер Павел Еремеевичті құттықтады

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое (Глубоковский р-он) / Шығысқазақстандық ҰОС ардагері Павел Стрехо 99 жасқа толды
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Қазір соғыс ардагері Глубокое ауданы, Веселовка ауылында тұрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ардагер әскери өмірдің тыныс-тіршілігінен қол үзбей, жастарға жол сілтеп, тәлімді тәрбие беруден талған емес.

Павел Стрехо 1943 жылы небары 17 жасында әскерге шақырылған. 1944 жылы 3-ші Белорусс фронтына жіберілді, 1945 жылы Кенигсбергті азат етуге қатысты. Ардагер 3-дәрежелі "Даңқ", 1-ші дәрежелі "Отан соғысы" ордендерімен, "Ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін", "Жапонияны жеңгені үшін", "Жуков" медалімен марапатталған.

Қорғаныс департаменті, №27943 әскери бөлімі мереке сайын құттықтап, жеке құраммен кездесулерге шақырады. Осы тыныштықтың, тәуелсіздігіміздің қадірін біліңдер, Отанды сүйіңдер, ата-баба аманатына адал болыңдар! Ел бірлігін сақтап, білім алып, еңбек етіңдер. Біздің арманымыз – Қазақстанның гүлденуі, жастардың жарқын болашағы, - деді ҰОС ардагері Павел Стрехо.

Қорғаныс істері департаментінің өкілдері ардагерге ҚР Қорғаныс министрінің құттықтау хатын табыстап, ерлігі мен елге сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, жастар үшін оның өмір жолы үлгі әрі өнеге екенін жеткізді.

Біз үшін ардагерлерімізге құрмет көрсету – қасиетті міндет. Павел Еремеевич – нағыз батыр. Оның ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Сондықтан ардагерлерімізді ұмытпай, оларға құрмет көрсету – біздің борышымыз. Тарихты ұмытпау керек. Осындай бейбіт күнге жету үшін қаншама адам жанын пида етті. Ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс, сондықтан жас ұрпақ патриоттық рухта тәрбиеленуі қажет, - деді Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығының орынбасары, басқарма бастығы майор Жасулан Сатбалдиев.

Павел Стрехо

Кездесу соңында ардагердің құрметіне әскери оркестр патриоттық, соғыс жылдарындағы әндерді орындап берді.

Следующая →