Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өртпен арпалысып жатқан Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды

Енді ауданды Абай облысының мәдениет басқармасы басшысы болған Айдар Ибраев басқарады

Усть-Каменогорск и ВКО / Бородулиха (Бородулихинский р-он) / Өртпен арпалысып жатқан Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды
Фото:
ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі мен Бородулиха ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен және Абай облысы әкімінің өкімімен Бородулиха ауданының әкімі лауазымына Ибраев Айдар Маратұлы тағайындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айдар Маратұлы – 1979 жылы 27 мамырда, Күршім ауданы Ақши ауылында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы "Дидар" газетінің тілшісі қызметінен бастаған. 2004 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Сонымен қатар, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары, Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылдың қазан айынан бастап осы күнге дейін Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы қызметін атқарды.

Аудан аумағында болып жатқан өртпен күресте жан тапсырған 14 орманшының отбасына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, - деп жазды Айдар Ибраев. - Өртті сөндіруге қатысып жүрген сарбаздар, орманшылар мен әскери қызметкерлерге, еріктілерге, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына, әрбір аудан тұрғынына ерлігі, қолдауы мен көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, елдің бірлігі мен берекесі, әл ауқатының артуы жолында аянбай еңбек етемін.


Следующая →