Бородулиха ауданында тағы орманда өрт шықты
Кеше Бородулиха ауданымен шекара маңында орналасқан Батпаев орман шаруашылығында өрт шықты
Успенка және Барышевка ауылдарының халқы Бородулихаға көшірілді, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Өрт туралы хабарлама кеше 12.03-те түскен. Өрт сөндіруге үш қаланың құтқарушылары келді, жұмыстар әлі де жалғасуда.
ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес өрт орнына ШҚО, Қарағанды облысының, Астана қаласының ТЖД қосымша күштері мен құралдары, ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов, ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков жіберілді, - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ақпаратында.
Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы орта мектебі және колледжде эвакуациялық пунктерді дайындады.
Успенское, Поднебесное және Барышевка ауылдарының тұрғындары өз бетінше туыстарының үйлеріне орналасты.
Таңғы сағат 6.30-дан бастап облыс әкімінің орынбасарымен МИ-2 тікұшағында өрт аймағын аэровизуалды барлау жүргізуде.
Алдын ала болжам бойынша 0,3 га орман аумағы өртке оранған.