Студенттерді жезөкшелікпен айналысуға тартқан
Қостанайда жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан жеңгетай ұсталды
Қыздарды массаж шебері ретінде жұмысқа шақырып, артынша ақшамен арбаған, деп хабарлады Polisia.kz.
Қостанайда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жезөкшелікпен айналысуға тартқан жеңгетайлық бойынша қылмыстық схеманы ашты. Қостанай қаласының 39 жастағы тұрғыны әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұзақ уақыт бойы қалалық колледждердің бірінің жас студенттерін жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
Алдымен ол массаж шебері ретінде жұмысқа орналасу туралы сұхбат жүргізіп, кейін қыздарға ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсетумен айналысатындықтарын айтады. Қыздарға жеке күзетпен қамтамасыз еткен. Жеңгетай жезөкшелікпен айналысуға 10-нан астам қызды тартқаны белгілі болды. Полицейлер қылмыс жасау тетігін және қылмыстың барлық қатысушыларын толық анықтады, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.
Жалдамалы пәтерлер мен тұрғылықты жерлерге тінту жүргізу барысында жеке заттар, телефондар мен 5 млн теңгеден астам қаражат және 8 мың ресей рублі тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 308-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.