Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Орман өрті: Абай облысына басқа облыстардан қосымша күштер жіберілді

Абай облысына қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облыстарының ТЖД-сынан 133 адам мен 26 бірлік техникадан құралған күштері мен құралдары жіберілді

Усть-Каменогорск и ВКО / Бородулиха (Бородулихинский р-он) / Орман өрті: Абай облысына басқа облыстардан қосымша күштер жіберілді
Фото:
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен

Өрт орнына вице-министр генерал-майор Марат Күлдіков те жетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Қарағанды қаласының әуежайынан "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы (4 адам) ұшып шықты, командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс жасауда.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев кеше Бородулиха ауданындағы орман алқабының аумағын тікұшақпен ұшып өтті.

Мамандар жергілікті жерлерде кезекшілік етеді. Сөндіру жұмыстары барлық ошақтарда жүзеге асырылуда. Басты міндет - елді мекендерге жалынды таратпай тезірек сөндіру. Ол үшін жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Орман қорына келтірілген залалды өрт толықтай сөндірілген соң есептейміз, - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өртті сөндіру 3 учаскеде жалғасуда. Өрттің таралуы толығымен тоқтатылды.

Желдің күшеюіне байланысты тұзды көл ауданындағы 3-учаскеде өрт төменнен жоғарыға ауысты. Өртті сөндіру үшін 20 техника жұмылдырылды. Өрт таралмас үшін шетінен жер жыртылған.

Таңертең Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен бейнеконференц режимінде жедел штаб отырысы өтті. Оған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысып, мән-жайды баяндады. Аймақ басшысы өрт орнына қайта оралды.

Следующая →