Аудан әкімі өзі барып жолашылардан жолға шықпауды сұрады
Бородулиха ауданында 2 эвакуация пункті мен 1 тамақтану орыны ұйымдастырылған
Бородулиха ауданынан Шемонаиха бағытына шыға берісте 10 көлік тұрған, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай облысы әкімдігінің ақпаратына сүйеніп.
Бородулиха ауданында Шемонаиха бағытына шыға берісте тұрған 10 көліктегі жолаушыларға аудан әкімі барып, эвакуация пунктінде ауа райының түзелуін күтуді сұрады, - делінген ақпаратта.
Аудан орталығында 2 эвакуация пункті мен 1 тамақтану орыны ұйымдастырылған.
10 адам сонда орналастырылып, ыстық тамақпен, жатын орынмен қамтамасыз етілді. Күн райы басылып, жолдар ашылғанша жолаушылар сонда болады, - делінген ақпаратта.