Абай облысында биыл орман өрті екі есе азайды
"Семей Орманы" орман табиғи резерватындағы суару жүйесін ауыстыру керек
Абай облысында биыл орман өрті екі есе азайғанын Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі
Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" орман табиғи резерватының жұмысымен танысты. Резерват 1968 жылы құрылған. Жалпы ауданы 52,7 гектарды құрайды. Жұмыстың негізгі бағыты - орманды қалпына келтіру, өрт пен зиянкестерден қорғау.
Облысымызда орман болғандықтан, тілсіз жаудың болатыны анық. Бірақ биыл абырой болғанда, ірі өрт болған жоқ. Жалпы жыл басынан бері орман өрті өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда екі есе азайды. Осы ретте, ТЖД мамандарына алғыс айтамын, - деді Нұрлан Ұранхаев.
Ұжыммен кездесу барысында қызметкерлер облыс басшысынан суару жүйесін ауыстыруға көмек сұрады. Бұл қарағай көшеттерін сапалы өсіру үшін қажет.