Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде үйінен тек түнде шығып есірткі таратып жүрген азамат ұсталды

Қарағандыдан Өскеменге келген азамат жалдамалы пәтерде есірткі дайындап, сатумен айналысқан

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде үйінен тек түнде шығып есірткі таратып жүрген азамат ұсталды

Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінде басқа қаладан келген жігіт тұратыны және пәтерден тек кешке шығатыны туралы ақпарат алған ШҚО есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері күдіктінің ізіне түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл хабарламаның анық-қанығын тексеру үшін тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын пайдаланған.

Бақылау барысында жас жігіттің күн сайын пәтерден кешке рюкзактармен шығып, ауданды айналып өтіп, түнде үйге оралатыны анықталды. Есірткі салатын кейбір орындар белгілі болды. Оның қылмыстық іс-әрекетінің қажетті дәлелдерін алған полиция қызметкерлері арнайы жасақтың жауынгерлерімен бірге ұстауға кірісті, - деп жазады Polisia.kz сайты.

Ұсталған кезде күдіктіден “альфа-pvp” синтетикалық есірткісі бар 30 түйір тәркіленді.

Жауап алу барысында ұсталған азаматтың бұрын Қарағандыда тұрғаны, ал Өскеменге ақша табу үшін, яғни есірткі өндіру және өткізу үшін келгені анықталды.

Полицейлер жалдамалы пәтерді тінту барысында күдіктінің қолдан жасап, сатуға дайындаған тағы 600 грамм синтетиканы тәркіледі. Барлығы 2 мың дозадан астам есірткі табылды.


Следующая →