Бесқарағайда заңсыз кесілген ағаш тиелген жүк көлігі анықталды
Оны Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету мекемесінің қызметкерлері анықтады
![Усть-Каменогорск и ВКО / Бескарагай (Бескарагайский р-он) / Бесқарағайда заңсыз кесілген ағаш тиелген жүк көлігі анықталды Усть-Каменогорск и ВКО / Бескарагай (Бескарагайский р-он) / Бесқарағайда заңсыз кесілген ағаш тиелген жүк көлігі анықталды](/upload/iblock/d7c/uvnqqdl28f125n9cxpmrjybtsas9krzz/imgonline_com_ua_Resize_TtASOvLwBRT.jpg)
Бесқарағай ауданында жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Рейд барысында Өндіріс ауылында заңсыз ағаш кесу фактісі анықталған, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай ауданы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
"Орман және аңшылық шаруашылығы жедел әрекет ету" ММ қызметкерлері ағаш материалдары тиелген УАЗ автокөлігін тоқтатты. Ұсталған көлік жүргізушісі Бесқарағай ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Істі тексеру барысында бұл әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 3-бөлігі 5-тармағына қайшы екені анықталды, - делінген хабарламада.
Заңсыз ағаш кесудің алдын алу және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында мұндай рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін орман алқаптарын бақылау, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары іске асырылады.