Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда ішкі туризмді дамыту үшін туристік кэш бэк енгізілмек

Мемелекет туристердің тур операторға төлеген қаржысының белгілі бір мөлшерін қайтарып беру механизмін қарастыруда

Новости Казахстана / Қазақстанда ішкі туризмді дамыту үшін туристік кэш бэк енгізілмек
Фото:
Устинка LIVE

Мәселен, көп күн демалса, ақшасы да көбірек қайтарылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді.

Жоба бойынша кэшбэк мөлшерін туристердің қанша күн демалғанына байланысты белгілеу ұсынылады. Мәселен, 1 түнеген туристке тур құнының 5%-ы мөлшерінде өтемақы төлеу ұсынылады. Ал, 2 күн демалып, түнесе тур құнының 10%-ын, 3 күн түнесе 15%-ын қайтарып алады. Ең жоғары - 20% кэш бек 4 және одан артық күн демалғандарға беріледі.

Механизм "төмен" маусым кезеңіндегі турларға бағытталған, бұл - бизнесті, халықты және нөмірлік қордың толымдылығын қолдау мақсатында ұсынылып отыр.

Туристік кэшбек туроператорлармен қатар маркетплейстерден сатылып алынған турларға да төленеді. Маркетплейстер кэшбэкті өз қаражаты есебінен төлейді. Мемлекет кейін бұл шығынды өтеп береді.

Ал туроператордан офлайн форматта сатып алған жағдайда мемлекет кэшбекті тікелей туристке қажетті құжаттар мен өтінімді жинақтап жолдаған бетте оның есепшотына жіберетін болады.

Бүгінгі таңда аталған ережелер жобасы әзірленіп, туристік нарық өкілдерімен талқылау жүріп жатыр.

Механизм аясында жобаға қатысушыларға ең төменгі талаптар қойылып отыр. Туроператорлар үшін ол - ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызметке лицензияның болуы. Ал маркетплейс - отандық өнім және турист пен туроператор үшін ыңғайлы болуы тиіс.

Қазақстанда ішкі туризмді одан әрі ынталандыру мақсатында туристік "кэш бэк" енгізу ұсынылып отыр. Бұл тиімділігімен танылған әлемдік тәжірибе. Ел ішінде демалушылар тур құнының 20%-на дейін қайтарып ала алады. Бұл шара ұйымдастырылған демалыс мәдениетін дамытуға және ел ішінде саяхаттаудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаев.

Следующая →