Абай облысының бірнеше ауданындағы елді мекендерді тасқын су басты
Кеше халықтың қауіпсіздігі үшін су тасқыны қаупі бар аймақтардан азаматтарды эвакуациялаған болатын
Қазір барлық эвакуацияланған адамлдар үйлеріне қайтарылып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Кеше кешкісін Аягөз өзенінің су деңгейі көтерілді, Жарма мен Ақсуат аудандарында да төтенше жағдайлар орын алды.
Сақтық шараларын сақтау мақсатында Аягөз өзеніне жақын орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адамды түнде мектеп-интернат жатақханасына және жасөсіпірімдер спорт мектебіне алдын ала эвакуациялау басталған, - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. - Алайда тұрғындардың көпшілігі уақытша туған-туыстарының үйлеріне кетіп жатыр. Сондай-ақ, Мамырсу ауылдық округінде судың деңгейі көтерілген. Эвакуация пункті дайын. Төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, кезекшілік ұйымдастырылған.
Ақсуат ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Кеше Ақсуат аудандық жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Штаб отырысында тасқын су салдарынан келген залалдарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақсуат ауданының әкімдігі "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының 48-бабына және 50-бабына сәйкес, 2024 жылдың 28-наурызынан бастап, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады, - делінген әкімдік ақпаратында.
Сондай-ақ, қарғын су салдарынан жол қатынасы үзілген ауылдарды қажетті деңгейде азық-түлікпен, басқа да күнделікті тіршілікке қажеттіліктермен қамту мәселесі пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Айта кетейік, еріген қар суының салдарынан Аягөз ауданына қарасты "Бозай ауылына кіреберіс" аудандық маңызы бар жолды шайып, көпір құрылымының бір аралығы (ұзындығы 25 м) қираған болатын. Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған.
Кеше қардың қарқынды еруі нәтижесінде Үшбиік ауылындағы 2 көшеде қызыл су жүрген еді.
Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев су басқан аудандарға барып, жұмыс барысымен танысты.
Қызыл су жүрген Аягөз, Ақсуат аудандарының тұрғындары арнайы эвакуациялау пунктеріне орналастырылған еді. Бүгін аудан халқы үйлеріне қайтты.