Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әскерилер қоян-қолтық ұрыстан сынға түсті

Өскеменде "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Павлодар, Семей және Өскемендегі әскери бөлімдері арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әскерилер қоян-қолтық ұрыстан сынға түсті
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Дәстүрлі түрде өтетін әскери жекпе-жекке алпысқа жуық жауынгер қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Олар боз кілемде бақтарын сынап, әскери біліктіліктерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасты. Тартысқа толы дода шымылдығынын "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев ашты.

imgonline-com-ua-Resize-9caJMizJtcGthUft.jpg

Мұндай жарыстар жауынгерлік рухты оятады. Темірдей тәртіпке тәрбиелейді. Сонымен қатар, азаматтық тұлғаларды, құқық бұзған азаматтарды құрықтауда қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің тигізер үлесі мол екендігін айқындайды, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев.

Сайысқа қатысушылардың бірі Манарбек Әсембай - 67 келі салмақ дәрежесінде былтыр жеңімпаз атанған. Биыл да былтырғы атағын қорғап қалмақ ниетте.

Мен былтыр спорттың бұл түрінен біраз белестерді бағындырдым. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығында қарсылас шақ келтірмей, Ұлттық ұланның чемпионатында да үздік атандым. Биыл да былтырғы жеткен жетістігімді қайталағым келеді. Шыны керек, бұл жолғы қарсыластарым осал емес. Дегенмен жеңіске жету жолында барымды саламын, - дейді №5518 әскери бөлімінің қызметкері сержант Манарбек Әсембай.

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы біріншілігінде жеті салмақ дәрежесін сарапқа салған спортшыларға арнайы медальдар мен дипломдар табысталды.

Дүбірлі дода қорытындысы бойынша 1-орынды Семей қаласынан келген №5511 әскери бөлімі жеңіп алса, 2-орынды Өскемендегі №5518 қанжығасына байлап, ал 3-орынды Павлодар қаласындағы №5512 әскери бөлімінің спортшылары жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер арасынан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының құрамасы жасақталып, сәуір айында Алматы қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін болады.

Следующая →