Аягөз ауданында өзеннен өтпек болған үш адам ізім-ғайып жоғалып кетті
Олардың бірі өткен сенбіде Аягөз өзеніне аттан құлап қалса, екі ер адам кеше Боралы өзенінде жоғалып кеткен
Абай облысының ТЖД қызметкерлері Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
23 наурыздан бастап 1977 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Ол Аягөз өзенінен өтпекші болған кезде аттан құлап, суға кеткен деп болжануда. Ер адам атпен өзі жұмыс атқаратын "Шығыс" шаруа қожалығына бармақшы болғаны анықталды, - деп хабарлады Абай облысының әкімдігі. - Сонымен қатар, 26 наурыздан бастап 1957 және 1985 жылы туған тағы екі азаматты іздестіру басталды. Олар "МТЗ 82" маркалы трактормен Борлы өзенінен өту кезінде жоғалып кеткен. Олар "Шалқар" қосалқы шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан. Жолды қысқарту үшін өзен арқылы өтпекші болған. Алайда, олар өзеннің ортасында тұрып қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар адамдарды таппады.
Іздестіру жұмыстарына Абай облысының ТЖД, полиция департаменті, жергілікгті атқарушы орган, әскери бөлім күштері мен құралдары барлығы - 41 адам, 4 жүзу құралы, 5 техника, 3 пилотсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар есебінен азаматтар жұмылдырылды. Аягөз ауданына адамдарға психологиялық көмек көрсету мақсатында ТЖД психологтары да оқиға орнына жіберілді.
Су айдындарының көктемгі ластануына байланысты сүңгуірлердің көмегімен іздеу жұмыстары өзендердің ағу жылдамдығымен және су астынының көрінуінің нашарлығымен қиындады.
2024 жылғы 27 наурыз сағат 04.00-ден бастап іздестіру-құтқару жұмыстары қайта жандандырылды, жұмыстар 26 наурызда қараңғы түсуіне байланысты тоқтатылған болатын.